Жаңалықтар

«Левскиге» қарсы қарымта матчта «Қайраттың» бастапқы құрамы белгілі болды

Кайрат, Левски, Лига чемпионов, квалификация
«Левскиге» қарсы қарымта матчта «Қайраттың» бастапқы құрамы белгілі болды / Фото: Қайрат ФК

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы үшінші квалификациялық раундының болгариялық «Левскиге» қарсы қарымта матчына команданың бастапқы құрамы тізімін жария етті.

Бірінші ойынмен салыстырғанда, алматылық ұжымның бапкері екі өзгеріс жасады. Александр Мартынович пен Эдмилсонның орнына алаңға алғашқы минуттардан Александр Широбоков пен Дамир Қасаболат шығады.

«Қайрат»

  • Қақпашы: Анарбеков
  • Қорғаушылар: Мата, Африко, Широбоков, Қасаболат
  • Жартылай қорғаушылар: Оксанен, Гуштаву, Байбек
  • Шабуылшылар: Юккола, Гуаль, Мрынский

Қосалқы құрам: Қалмұрза, Буч, Кургин, Широбоков, Тапалов, Нұрғалиев, Тасболатов, Садыбеков, Тұяқбаев, Әбіш, Эдмилсон, Биркурманов, Бекболат

«Левскидің» бапкері Хулио Веласкес осыдан бір апта бұрын Софияда шыққан бастапқы құрамды өзгеріссіз қалдырды.

«Левски»

  • Қақпашы: Вуцов
  • Қорғаушылар: Сентельес, Серафимов, Димитров, Алдаир
  • Жартылай қорғаушылар: Мубарик, Сержиньо, Трдин
  • Шабуылшылар: Бала, Рейналдо, Око-Флекс

Қосалқы құрам: Владимиров, Луков, Сантос, Майкон, Макун, Митков, Сула, Переа, Стоянчов, Кусо, Райчев

Еске сала кетейік, Софиядағы бірінші ойын «Левскидің» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған еді. Болгариялық клуб жалғыз допты 92-минутта соқты – Сержиньоның соққысынан кейін доп Мартыновичке тиіп, Анарбековтің қақпасына енді.