
Қазіргі таңда Отбасы банкіне 4 миллион адам сенім артып отыр. Күн сайын 300-ден астам азаматқа тұрғын үй несиесі беріледі. Бұл туралы Үкіметт өткен брифингте Отбасы банк басшысы Ляззат Ибрагимова айтты.
Сонымен бірге тұрғын үй бағдарламалары, мемлекеттік қызметтер және цифрлық технологиялар бір жүйеге біріктірілген.
2021 жылы Қазақстанда бірінші болып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге блокчейн енгізілді.
«2021 жылдан бері, соңғы алты жылда, блокчейн арқылы екі жүз елу төрт мыңнан астам операция жүргізілді, қазір тұрғын үй несиелерінің 60%-ы осы жүйе арқылы беріледі. Осы қызмет қазақстандықтардың бес жүз мыңнан астам сағатын үнемдеді.
Халықтың уақытын үнемдеп, кезекте ұзақ тұрмауы үшін үйді кепілге қою уақытын азайттық. Бұрын клиенттер кепілді 5 жұмыс күні ішінде тіркейтін болса, қазір бұл процесс 10–15 минутқа дейін қысқарды. Қазіргі таңда клиенттер меншік құқығын тіркеу, жалдау, кепілді алып тастау сияқты қызметтерді де онлайн алып жатыр», – деді Отбасы банк басшысы.
Жуырда азаматтар өз кезегін телефон арқылы көріп, келісімдерді электронды түрде бере алатын қызмет іске қосылды. Бұған қоса «Қуаныш AI» жасанды интеллект агенті халыққа онлайн кеңес береді.
2021 жылдан бері жеңілдетілген несие арқылы 66 500 отбасы баспаналы болды. 2025 жылдың мамыр айынан бері 13 900 отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 43 400 отбасыға жалдау ақысының субсидиясы берілді. Оның жалпы сомасы 30 млрд теңгеге жуық.
Сондай-ақ 2025 жылы Өркен порталы арқылы 460 000 азамат тізімде тұр. Оның 56 700-і – әлеуметтік осал топтар. 17 700-і несие арқылы баспаналы болғандар, 500-і жалдамалы тұрғын үй алғандар. 1900 отбасына жалдамалы пәтер ақысын төлеуге 1 млрд 200 млн теңге субсидия берілді.
2033 жылға дейін осал топқа жатпайтын азаматтарға 292 000 несие беру жоспарланып отыр.
Клиенттер онлайн операцияларды көп қолданады
Банктегі барлық операциялардың 95 пайызы онлайн түрде қызмет көрсетеді. Қашықтан қызметтерді бір жарым миллионға жуық азамат пайдаланады – соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 10 есе өсті.
2023 жылы Отбасы банк «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының операторы болып, оны толықтай онлайн форматқа көшірді. Бұрын екі апта берілетін ипотеканы қазір халық екі күнде ала алады. Цифрлық форматта жалпы сомасы 69,5 млрд теңге болатын 10 мың несие берілді.
Отбасы банкі жасанды интеллектті барынша жұмыс барысына қосты
Нәтижесінде жасанды интеллект барлық процесті тездетті. Мысалы: төлем қабілетін тексеру 10–15 минуттан 2 минутқа дейін, «Дипломмен – ауылға!» өтінімі 30 минуттан 5 минутқа дейін, кепілді тексеру 40 минуттан 5 минутқа дейін, депозитті туысқа беру 2 сағаттан 7 минутқа, несиені қайта қарау 3 күннен 3–5 минутқа дейін қысқарды.
Quanysh AI жасанды интеллекті Отбасы банкіне келіп түсетін сұрақтардың 96 пайызына өзі жауап беріп келеді.
Табысқа келсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза табысы 126 млрд теңгені құрады.
2026 жылдан банктің таза табысы жоспар бойынша 150 млрд-тан астам болуы тиіс. Жинақтар көлемі 800 млрд теңгеге жетті. Ал берілген несиелер – 1,195 трлн теңгені құрады.