
Қазақстандық студенттер 2027 жылдан бастап Жапонияда тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Tokyo Metropolitan University толық қамтылған Tokyo Global Partner Scholarship Program (Tokyo GP) халықаралық стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады.
Бағдарлама қатысушыларының оқу ақысы, түсу жарнасы және екі жаққа ұшу билеттері толығымен өтеледі. Бұдан бөлек, студенттерге ай сайын 150 мың жапон иенасы көлемінде стипендия төленеді.
Оқу гранттары магистратура мен докторантура бағдарламаларына арналған. Өтінімді, соның ішінде Азия елдеріндегі осы университеттің серіктес ЖОО-ларының студенттері тапсыра алады.
Білім беру бағдарламалары жаратылыстану ғылымдарынан бастап жүйелік дизайн мен медициналық зерттеулерге дейінгі бірнеше бағытты қамтиды. Кейбір бағдарламалар бойынша дәрістер тек жапон тілінде жүргізіледі.