Жаңалықтар

Қазақтардың маржандай тістері еуропалықтарды қалай таңғалдырған

ертедегі қазақтар
Қазақтардың маржандай тістері еуропалықтарды қалай таңғалдырған/фото: видео кадры/YouTube/Qalamhistory

Қазақ жеріне келген еуропалық зерттеушілер жергілікті халықтың қардай аппақ тістеріне таңданып, еңбектерінде ерекше атап өтіп отырған. Бұл туралы Qalam жобасының «Қазақтар 200 жыл бұрын қалай өмір сүрген» деген атаумен жарық көрген шығарылымында айтылады.

Тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Асанова қазақтар тісін негізінен тұзбен ысқанын, кейде тобылғының бұтағымен тазалағанын жеткізді. Тобылғы тіс шұқығыш рөлін де атқарған.

«Осы тұста барлық саяхатшылар, әсіресе еуропалық саяхатшылар көшпенділердің маржандай тістерін ерекше атап өткенін айта кеткен жөн. Олар қарт адамдардың тісі аппақ деп таңданыс білдірген. Сүтті тағамдар мен ақуыздың арқасында көшпенділердің тісі мен жанары әрқашан мінсіз болған», – дейді ғалым.

Зерттеуші Дмитрий Иванов қазақ қызының ажарын былай сипаттаған.

«Жанары жайнап тұрған жіптіктей, қара торы бойжеткеннің көңілді әрі балаша жымиғанынан жарқыраған тістері көрінеді» деп жазған зерттеуші.

Ал Рихард Карутц қазақтарды аққұба, қара шашты, селдір сақалды, аузы үлкен, тістері аппақ әрі сау деп сипаттапты.

Как жили казахи 200 лет назад? История повседневности