Жаңалықтар

Талдықорғандық кәсіпкер африкалық түйеқұс өсіріп, ерекше бизнесті қолға алды

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Талдықорған қаласының жас кәсіпкері Сергей Рашевский өңір үшін тосын бағыттағы ауыл шаруашылығы кәсібін дамытуды қолға алды.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол экзотикалық африкалық түйеқұстарды өсіріп, алдағы уақытта байланыс зообағын ашуды жоспарлап отыр.  

Сергей Рашевскийдің шағын фермасында отбасы мүшелері және бір тұрақты көмекші еңбек етеді. Маусымдық жұмыстарға қосымша тағы төрт адам тартылады. Кәсібін жүз балапаннан бастаған ол биыл құс санын 2400 басқа дейін жеткізді. Пластикалық терезе өндірісінен тапқан қаражатының 26 млн теңгесін инвестициялап, электр жарығы, желдету жүйесі, жылыту және құс өсіруге қажетті барлық жағдай жасалған жабық құс қорасын салды.

«Біз Кобб-500 және Росс-308 тұқымды құстарды өсіреміз. Бұл құстар өте нәзік келеді. Мысалы, температураның күрт ауытқуынан күйзеліске түсіп, өліп қалуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен олар үшін жайлы құс қорасын салдым. Бұрын балапандарды жұмыртқадан шығарып өсіретінбіз, қазір Алматыдан бір тәуліктік балапандарды сатып алып, шамамен 45-50 күн өсіреміз», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, оларды отандық құрама жеммен қоректендіреді. Сондай-ақ ұсақталған жүгері мен бидай қосады.  Осы уақыт ішінде жас тауықтың салмағы 2-3,5 келіге дейін жетеді. Өнімді тек тұтас күйінде емес, бөлшектеп өңдеп, «Экоферма» брендімен қаптап сатып жүр.

Айта кету керек, қазіргі таңда Жетісу облысындағы құс саны 1,7 миллион бастан асады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын түйеқұс өсіруді қолға алған маңғыстаулық кәсіпкердің фермасы туризм нысанына айналды. Шағын кәсібі облыс халқының 5 пайызын ет және жұмыртқамен қамтамасыз ететін деңгейге жеткен.