
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан Колумбия Президенті Абелардо де ла Эсприэльяға және халқына қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының ауыр қайғысына ортақтасып, сүйеніш сөздерін арнады, сондай-ақ із-түссіз жоғалған азаматтардың өз отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, 10 тамыз күнi Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 баллдық жойқын жер сілкінісі болған еді. Осыдан кейін елде ұлттық апат режимі жарияланды.
Жер асты дүмпулері тек Колумбия аймағында ғана емес, көршілес Венесуэла, Эквадор және Панаманың бірқатар аудандарында да сезілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан қаза тапқандар саны 132 адамға жетті.