Жаңалықтар

eGov порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

ИИ eGov завысил штраф для казахскоязычных пользователей в 17 раз
Фото: kursiv.media архиві

Елде заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Портал QazTech платформасы негізінде әзірленген. Вице-премьердің айтуынша, мемлекеттік қызметтер барынша жеңілдетіліп, қазақстандықтар үшін қолдануға ыңғайлы бола түсті.

«Қазір сұранысқа ие бірқатар қызмет жаңа форматта қолжетімді. Порталда кері байланыс нысаны іске қосылды. Онда әрбір пайдаланушы қызметтерді ыңғайлау жөнінде өз ұсынысын қалдыра алады. Барлық қазақстандықтарды белсенді қатысуға шақырамыз. Үздік ұсыныстар порталды одан әрі жаңғырту барысында ескерілетін болады. Жұмыс әрі қарай жалғасатын болады», – деді Жаслан Мадиев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр Қазақстандағы барлық мемлекеттік орган QazTech платформасына көшетінін мәлімдеді.