Жаңалықтар

Анасына пышақ ала жүгірген жігіт Вьетнамнан табылып, елге қайтарылды

фото: kursiv.media

Анасына пышақ салған қазақстандық азамат Вьетнамнан экстрадицияланды. Ол былтыр қарашадан бері іздеуде жүрген еді.

Бас прокуратураның дерегінше, ол 2025 жылы күзде қылмыс жасады деген күдік бар. Үйінде алкоголь ішіп, артынша анасымен жанжалдасып, оған пышақ салған. Осыдан кейін күдікті полициядан қашып, шетел асып кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», – деп хабарлайды ведомстводан.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Оқи отырыңыз: Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды