Арнайы жасақ сержанты Дияр Нұрғожай Америкада жеңіске жетті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Файтер Дияр Нұрғожай
Арнайы жасақ сержанды Америкада басым түсті / фото: Қорғаныс министрлігі

Арнайы жасақ сержанты Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC турнирінде тағы бір мәрте жеңіске жетті.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен Нұрғожай Бразилия өкілі Бруно Лопеспен кездесті. Кіші сержант қарсыласын жекпе-жектің бірінші раундында-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

«Жекпе-жектің шешуші сәті алғашқы бес минуттың соңғы секундтарында болды. Раунд соңына дейін жоғары қарқын мен жинақылықты сақтаған қазақстандық спортшы нәтижелі шабуыл жасап, қарсыласына қысымды күшейте түсті. Төреші жекпе-жекті алғашқы раундтың аяқталуына небәрі бір секунд қалғанда, яғни 4 минут 59 секундта тоқтатты», – деп таратты министрлік.

Бұған дейін Нұрғожай тағы бір бразилиялық файтер Рафаэль Тобиасты тізе түктірген. Осы жеңісі үшін қазақ жігіті қомақты сыйақы алған.

Әлемдегі аралас жекпе-жек бойынша ең ірі ұйымның турнирлерінде өнер көрсетіп жүрген Дияр Нұрғожай 12 рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз