Экономика

Электр энергиясы қай қалада қымбат: Қостанай мен Алматы көш бастады

Электр энергиясының бағасы / фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда электр энергиясының бағасы әр қалада айтарлықтай ерекшеленеді. ҚР Ұлттық статистика бюросының шілде айындағы мәліметінше, ел бойынша 1 кВт·сағ электр энергиясының орташа бағасы 25,09 теңге болған.

Ең қымбат электр энергиясы Қостанайда тіркелді – 1 кВт·сағ үшін 32,89 теңге. Бұл республикалық орташа деңгейден шамамен 31% жоғары. Екінші орында Алматы тұр: мұнда 1 кВт·сағ 32,10 теңге. Оралда – 31,89 теңге, ал Талдықорғанда – 29,88 теңге.

Көкшетау мен Қызылордада көрсеткіш бірдей – 27,75 теңге. Тараздағы баға республикалық орташа деңгейге өте жақын: 25,14 теңге.

Электр энергиясының бағасы
2026 жылғы шілде · 1 кВт·сағ үшін, теңге
Қазақстан бойынша орташа 25,09 ₸
Қала 1 кВт·сағ Орташаға қатысты
Қостанай32,89 ₸▲ 31,1%
Алматы32,10 ₸▲ 27,9%
Орал31,89 ₸▲ 27,1%
Талдықорған29,88 ₸▲ 19,1%
Көкшетау27,75 ₸▲ 10,6%
Қызылорда27,75 ₸▲ 10,6%
Тараз25,14 ₸▲ 0,2%
Атырау24,06 ₸▼ 4,1%
Ақтау23,98 ₸▼ 4,4%
Павлодар22,98 ₸▼ 8,4%
Шымкент22,67 ₸▼ 9,6%
Түркістан22,67 ₸▼ 9,6%
Ақтөбе20,73 ₸▼ 17,4%
Астана20,37 ₸▼ 18,8%
Қарағанды20,07 ₸▼ 20,0%
Петропавл18,83 ₸▼ 25,0%
Өскемен18,01 ₸▼ 28,2%
Семей18,01 ₸▼ 28,2%
Жезқазғанмәлімет жоқ
Қонаевмәлімет жоқ
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ал арзанырақ электр энергиясы шығыс және солтүстік-шығыстағы бірқатар қалаларда байқалады. Өскемен мен Семейде 1 кВт·сағ небәрі 18,01 теңге. Петропавлда – 18,83 теңге, Қарағандыда – 20,07 теңге, Астанада – 20,37 теңге.

Осылайша, ең қымбат Қостанай мен ең арзан Өскемен және Семей арасындағы айырма 1 кВт·сағ үшін 14,88 теңгеге жетеді. Яғни Қостанайдағы баға шамамен 1,8 есе жоғары.

Шымкент пен Түркістанда тариф бір деңгейде – 22,67 теңге, Павлодарда – 22,98 теңге, Ақтауда – 23,98 теңге, Атырауда – 24,06 теңге.

Тағы да оқыңыз: 2026 жылғы шілдеде тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 10,2%-ға өсті.