Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Алматы мен Алматы облысында жарық сөніп қалды
Алматы мен Алматы облысында жарық сөніп қалды / фото: shutterstock,

14 тамызда Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Алматы қаласының барлық ауданы мен Алматы облысының он ауданында жарық кенеттен өшіп қалған, деп жазады Kursiv.Media.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» компаниясына тиесілі 500 киловольттық «Л-5400», «Л-5300» және «Л-5320» әуе электр беріліс желілері ажырап қалған.

Осының салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» желілерінде апатқа қарсы автоматика, яғни САОН және АЧР жүйелері іске қосылды. Бұл жүйелер қала мен облыс тұтынушыларын жарықтан автоматты түрде ажыратуға әкеп соқты.

Осының салдарынан өшірілген жүктеме көлемі 300 МВт болды.

Алматы облысында жарық өшкен аудандар:

  • Жамбыл ауданы;
  • Балқаш ауданы;
  • Есік қаласы мен төңірегі;
  • Қарасай ауданы;
  • Шелек ауылы мен өңірі;
  • Райымбек ауданы;
  • Ұйғыр ауданы;
  • Іле ауданы;
  • Кеген ауданы;
  • Талғар ауданы.

Алматы қаласында жарық өшкен аудандар:

  • Бостандық ауданы;
  • Наурызбай ауданы;
  • Әуезов ауданы;
  • Алатау ауданы;
  • Жетісу ауданы;
  • Медеу ауданы;
  • Алмалы ауданы;
  • Түрксіб ауданы.

«Алатау Жарық Компаниясы» тұтынушыларды электр қуатымен қайта толық көлемде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз