Алматы метрополитенінің жұмысы толық қалпына келтірілді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматы метрополитенінің жұмысы толық қалпына келтірілді / Фото: Shutterstock

Алматы қаласында электр энергиясы қайта беріліп, қоғамдық көліктің кестесі ретке келтіріліп, метрополитен жұмысы жалғасты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Метрополитен өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта электрмен жабдықтау жүйесі толықтай қалпына келтірілді:

  • Метрополитен жұмысы қайта жанданды;
  • Электр пойыздары белгіленген кесте бойынша, қалыпты режимде қатынауда.

«Туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», – делінген хабарламада.

14 тамыз сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған.

Осының салдарынан метро жолдың бойында тоқтап қалып, жолаушылар шахтадан жаяу шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз