
Бүгін, 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Канье Уэстің ауқымды концерті өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысына шектеу енгізіліп, 32 автобус пен троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы Алматы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы мәлімдеді.
Қай көшелер жабылады?
Кешкі сағат 16:00-ден түнгі 00:00-ге дейін Орталық стадион айналасындағы мына көше бөліктерінде автокөлік қозғалысы шектеледі:
- Абай даңғылы: Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
- Сәтбаев көшесі: Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
- Байтұрсынов көшесі: Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін.

Қоғамдық көлік қозғалысының өзгеруі
Аталған шектеулерге байланысты қалалық қоғамдық көліктің 32 бағыты айналма жолдар арқылы қатынайтын болады.
Автобус бағыттары: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224.
Троллейбус бағыттары: №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19, ТП25.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жол кептелісін болдырмау үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше метро немесе айналма көшелерді пайдалануды сұрайды.
Бұған дейін, Канье Уэсттің концертіне 60 тегін автобус жүретінін жазған едік.