Байқоңырда ғарышқа азық-түлік жеткізетін кемені ұшуға дайындап жатыр
Жарияланды

Ресейге жалға берілген Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-35» кемесін ұшуға дайындап жатыр. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, су және киім-кешек жеткізеді. Бұл туралы Kursiv.Media «Роскосмос» мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
«Прогресс МС-35» 2026 жылғы 9 қыркүйекте Астана уақытмен кешкі сағат 21:10-да әуеге көтеріледі. «Энергия» корпорациясы дайындаған ғарыш кемесін биыл сәуірде Байқоңырға жеткізген.
«Роскосмос» федералдық мекемесі ғарыш айлағынан бірнеше сурет жариялады. Жүк кемесін маусым айынан бері ұшуға дайындап жатқаны мәлім болды. «Прогресса МС-35» енді вакуум камерасында сыналған.

«Прогресс МС-35» жүк кемесін орбитаға «Союз-2.1а» зымыран тасығышы алып шығады. Ол Байқоңырдағы 31-ші ұшыру алаңынан көкке көтеріледі.