Оқу ақысын төлемек болған студент 1,7 млн теңгесін алаяққа берген

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
20 жастағы күдікті 22 жастағы студентті алдады / коллаж: Kursiv.Media

Академиялық қарызын жапқысы келген өскемендік студент қыз алаяққа ұрынып қалды. Ол 1,7 млн теңгесін бейтаныс адамға ұстатқан. Бұл туралы Kursiv.Media полиция мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Құзырлы мекеме дерегінше, Өскемен қаласы полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Студент қыздың айтуынша, бейтаныс ер адам академиялық қарызын жабуға және қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді ұсынған.

«Сенімге кірген ол әртүрлі сылтаулармен қызды бөліп төлеу жүйесі мен несиелер рәсімдеуге көндіріп, алынған ақшаны өзінің бақылауындағы шоттарға аударуды талап еткен», – деп жазды polisia.kz.

Студент қыз алаяққа 1,7 млн теңгеден астам ақша берген. Күдікті ұсталды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қалалық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобы «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы айналасында күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны болып шықты», – деп таратты полиция.

Тергеу жүріп жатыр.

Осы аптада бір туристік фирма 17 тұрғынды 219 млн теңгеге алдап кеткені мәлім болған.

Сондай-ақ оқыңыз