Қазақстан «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыры арқылы мұнай тасымалын арттырды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: ҚазТрансОйл баспасөз қызметі

2026 жылдың шілде айында «ҚазТрансОйл» компаниясы «Баку – Тбилиси – Джейхан» (БТД) мұнай құбыры бағытымен 155 мың тонна мұнай тасымалдаған. Бұл 2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда 11,5%-ға артық, деп жазады Kursiv.Media.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2026 жылдың маусым айында бұл бағыт бойынша қазақ мұнайының жөнелтілімі 108 мың тоннаны құрап, маусымдағы көрсеткіштен 43,5%-ға өскен еді.

Сонымен қатар шілдеде «Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі арқылы 646 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталды. Оның ішінде «Усть-Луга» порты бағытына 286 мың тонна, ал «Новороссийск» портына 360 мың тонна мұнай жіберілді.

Қытай бағытына тоқталсақ, шілде айында «Атасу – Алашанькоу» магистральды мұнай құбыры арқылы 98 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталса, осы бағыт бойынша ресейлік мұнай транзиті 870 мың тоннаны құрады.

Бұдан бөлек, шілдеде «ҚазТрансОйл» «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» жүйесіне 271 мың тонна мұнай қайта тиеді. Ал Батуми мұнай терминалы арқылы өткен мұнай көлемі 8,194 мың тонна болды.

Айта кету керек, «ҚазТрансОйл» АҚ — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобына кіретін, ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайтын магистральды мұнай құбырларының ұлттық операторы.

Сондай-ақ оқыңыз