Серік Сәпиев «Спорт саласына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Жарияланды

Спорт күніне орай Туризм және спорт министрлігі спорт саласының үздіктерін марапаттады. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер мен сала мамандары бар, деп жазады Kursiv.Media.
Марапатталғандардың арасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бар. Оған «Дене шынықтыру және спорт саласына сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды.
Сондай-ақ мереке қарсаңында Ұлттық Олимпиадалық комитетінде (ҰОК) арнайы марапаттау өтіп, еліміздің белгілі боксшылары мен бапкерлеріне төсбелгілер берілді:
Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Асқар Еркебаев және Елдос Сайдалин– «ҚР Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісіне ие болды.