Алматының кейбір шағынаудандарында 4 күн жарық болмайды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Алматының кейбір шағынаудандары 4 күн жарықсыз қалады
Алматының кейбір шағынаудандары 4 күн жарықсыз қалады / Фото: shutterstock

«Алатау жарық компаниясы» ақауларды жоюға байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты 18-21 тамыз аралығында Алматының кей аудандарында электр жарығы уақытша өшеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Компания жөндеу жұмыстары сағат 8:00-ден, кей жерлерде 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетінін хабарлады. Сәйкесінше сол уақыт аралығында тұрғындар жарықсыз отыруға мәжбүр болады.

Төменде күн сайын жарық болмайтын аумақтардың тізімі берілген:

18 тамыз

  • Айгерім-1 шағынауданы
  • Тастыбұлақ шағынауданы
  • Каменское Плато шағынауданы

19 тамыз

  • Айгерім-1 шағынауданы
  • Шаңырақ-1 шағынауданы
  • Тастыбұлақ шағынауданы
  • Таусамалы шағынауданы
  • Ожет шағынауданы

20 тамыз

  • Шаңырақ-1 шағынауданы
  • Шаңырақ-2 шағынауданы
  • Шуақты шағынауданы
  • Қарағайлы шағынауданы
  • Тастыбұлақ шағынауданы
  • Қалқаман-2 шағынауданы
  • Қуаныш шағынауданы

21 тамыз

  • Айгерім шағынауданы
  • Байбесік шағынауданы
  • Тастыбұлақ шағынауданы
  • Қалқаман-2 шағынауданы
Сондай-ақ оқыңыз