Астаналықтар бір күн қоғамдық көлікте тегін жүре алады
Жарияланды

Астанада Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамызда қоғамдық көлікте тегін қатынауға болады. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлады.
Азаматтар LRT және қаладағы автобустарда тегін жүре алады.
«Бұл азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатыр», – деп хабарлады компания.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырды.
Бюллетеньде сайлауға қатысатын жеті саяси партияның атауы жазылған. Олар:
- «Respublica» партиясы.
- «Әділет» партиясы,
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия,
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы,
- Қазақстан Халық партиясы,
- «Ауыл» партиясы,
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы,
- «Respublica» партиясы.
Сонымен қатар сайлаушылар үшін «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы да қарастырылған.