Бақытжан Базарбек жолда қағып кеткен ер адам комада жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
ДТП Жанбылская область
Қылмыстық іс қозғалды / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы экс-депутат Бақытжан Базарбек қағып кетті делінген ер адамның денсаулығына қатысты ақпарат берді.

Жәбірленушінің жағдайы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам шұғыл түрде аудандық орталық аурухананың жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Науқастың денесінен бірнеше ауыр жарақат бар:

  • бас-ми жарақаты және миы соғылған;
  • екі жақ қабырғасы сынған;
  • оң жақ балтыр сүйегі сынған;
  • екі жақты гемопневмоторакс.

Ер адам комада жатыр, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Бұған дейін жергілікті полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ресми дерекке сәйкес, Рысқұлов ауданында бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жол апатына тап болды. Оқиға салдарынан 36 жастағы жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Жол апаты бойынша Рысқұлов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі Б. есімді азамат жол үстінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз