Полиция қызметкерін ұрған әйелдің үстінен тергеу жүріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

Ақмола облысында полиция қызметкеріне бағынбай қол көтерген әйел жауапқа тартылады.

Бұл туралы Kursiv.Media Ақмола облысының Полиция департаменті ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

«2026 жылғы 15 тамызда сағат 00:30 шамасында Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне тұрғын үй пәтерлерінің бірінде тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Полиция бұл пәтерден қатты музыка шыққанын анықтады», – делінген хабарламада.

Полиция дерегінше, пәтердің есігін 40 жастағы мас әйел ашқан. Полиция қызметкерлерінің тыныштықты бұзуды тоқтату және медициналық тексеруден өту туралы заңды талаптарына орындаудан бас тартқан. Балағат сөздер айтып, тілдеген.

Жанжал кезінде әйел полиция қызметкерлерінің бірін итере бастаған. Одан кейін кіреберіске жүгіріп барып, оны ұрып-соғып, бет пен мойын жырып жаралаған. Басқа патруль қызметкері оқиғаны бейнекамераға түсірді.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына құрметпен қарауға және агрессивті мінез-құлық пен күш қолдануға жол бермеуге шақырады.

Ал Қостанай облыстық соты тәртіп сақшысын соққыға жыққан үш азаматты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз