АҚШ-та 30 жылдан кейін Тупак Шакурдың өліміне қатысты сот процесі басталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Getty Images

Лас-Вегаста белгілі рэпер Тупак Шакурдың өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Шакур осыдан 30 жыл бұрын қайтыс болған, бірақ сот отырысы енді өтпек деп жазады ВВС.

Негізгі айыпталушы – қылмыстық топ мүшесі, Дуэйн Дэвис есімді баскесер. Прокурор мәліметінше, ол бауыры Орландо Андерсонның өліміне кек алу үшін Шакурға оқ атқан. Тіпті ұзақ жылдар бойы рэперді жек көретінін ашық айтып та жүрген. Бұған дейін де Дэвис күдікті ретінде аталған еді. Бірақ прокуратура тек 2023 жылы ғана ресми түрде айып тағып, тергеуді бастады.

2025 жылы Дуэйн Дэвис Шакурды өлтіруге тапсырыс берген америкалық рэпер Шон Комбс деп мәлімдеген. Ол көпшілікке P.Diddy лақап атымен танымал. Еске салайық, оны 2024 жылы тұтқындап, адам саудасымен айналысты, жезөкшелікке мәжбүрледі деген айып тағылған. 2025 жылы сот шешімімен төрт жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Осы жыл басында P. Diddy Тупак Шакурдың өліміне қатысы барын жеке әңгіме кезінде мойындаған еді.

Тупак Шакур – хип-хоп тарихындағы ең танымал рэперлердің бірі. Ол бес альбом шығарып, 75 млн-нан астам пластинкасын сатқан. 2025 жылы MTV оның The Don Killuminati және The 7 Day Theory атты альбомдарын хип-хоп тарихындағы ең ұлы альбом деп атады. Шакур әндерінің басым көпшілігі геттодағы ауыр өмірі, зорлық, кедейлік, нәсілшілдік жайлы.

Сондай-ақ оқыңыз