Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен азаматтың отбасымен кездесті (видео)

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: видеодан скрин

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 36 жастағы Нұржігіттің отбасына барды.

Бұған дейін Бақытжан Базарбек апатқа өзінің қатысы бар екенін растаған еді. Қазір ол зардап шеккен Нұржігітке қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты, деп жазады Kursiv.Media.

«Жағдайы қанағаттанарлық»

Экс-депутат Instagram парақшасында Нұржігіттің туыстарымен кездесуден бейнежазба жариялады. Зардап шегушінің жақындары оның денсаулығы қазіргі таңда қанағаттанарлық екенін және емдеу процесі жалғасып жатқанын жеткізді. Отбасы Бақытжан Базарбекпен тұрақты байланыста екенін және оның тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Базарбектің айтуынша, емдеу шаралары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүргізіліп жатыр.

«Шамалы оң өзгерістер бар. Расталмаған қаңқу сөздерді таратпауларыңызды сұраймын. Бәріміз Нұржігіттің аяққа тұрып, аман-есен отбасына оралуын тілеп, дұға етіп отырмыз», – деді Бақытжан Базарбек.

Астана немесе Алматыда емдеу жоспарда бар

Бұрынғы депутат азаматтың жағдайы тұрақталғаннан кейін, оны әрі қарай тексеруге және емдеуге жәрдемдесетінін білдірді. Атап айтқанда, Нұржігітті Астана немесе Алматы қалаларындағы білікті мамандарға көрсету мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Қазіргі уақытта зардап шеккен азамат ауруханада ем алып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз