«Барни» үшін ұрған Мадинаның ісіне қатысты полиция мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
полиция
Фото: polisia.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жамбыл облысында қайғылы оқиға орын алды, жергілікті тұрғын өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұмның өліміне күйеуінің соққысы себеп болғаны туралы ақпарат тараған еді. Желіде жарияланған хат алмасу скриншоттарына сәйкес, әйел қайтыс болар алдында құрбысына күйеуінің оны «Барни» бисквиті үшін ұрып-соққанын айтып шағымданған.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары тараптардың барлық уәждерін тексеріп, жиналған мәліметтерді зерделеп жатыр. Тергеу үшін маңызы бар әрбір дерекке толық құқықтық баға беріледі.

Қылмыстық істің жүргізілуі Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынған. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері азаматтарды тергеу амалдары толық аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады.

Бұған дейін, марқұм Мадинаның туыстары жағдайды түсіндірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз