Колледждерге бөлінген 7 мың грант игерілмей қалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Биыл колледждерге бөлінген 7 мың грант игерілмей қалды
Биыл колледждерге бөлінген 7 мың грант игерілмей қалды / фото: shutterstock

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова колледждерге бөлінген 140 мың гранттың 7 мыңы игерілмей қалғанын айтты, деп жазады Kursiv.Media.

Айтуынша, 2026 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға бағытталатын болады.

«Елімізде 763 колледж жұмыс істейді, онда 556 мың студент білім алуда. Техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студентті қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға бағытталатын болады. Кәсіпорындардың өтінімдері негізінде, кейіннен міндетті түрде жұмысқа орналастыруды көздей отырып, 10 мыңнан астам студентті қабылдау жоспарлануда», – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Министр Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, шамамен 500 білім беру бағдарламасы жаңартылғанын атап өтті.

Бұған дейін kursiv.media колледждерге құжатты қашанға дейін тапсыру қажет екенін жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз