Германия саясаткерлерді қорлайтын сөздерден қорғайтын заңды қайта қарамақ

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Германиядағы барлық саяси күш өкілдері саясаткерлерді қорлағаны үшін азаматтарды жазалауға мүмкіндік беретін заңды өзгерту қажет деген пікірге келді.

Бұған канцлер Фридрих Мерцті «Пиноккио» және «Өтірікші Фриц» деп атаған адамдарға қатысты атышулы қылмыстық істер себеп болды.

Алайда заңды қалай және қашан өзгерту керектігі жөнінде партиялар арасында әлі ортақ келісім жоқ. Бұл туралы POLITICO Бундестагта ұсынылған барлық партия депутаттарының арасында жүргізген сауалнамада анықталған.

Мерцтің оңшыл-орталық бағыттағы Христиан-демократиялық партиясының депутаты Сюзанна Хирльдің айтуынша, заңның қолданылуы саясаткерлерге ерекше құқықтық артықшылық беретіндей әсер қалдырғаны туралы сынға билік байыппен қарайды.

«Мұндай артықшылығы бар қарым-қатынас заң шығарушылардың мақсаты болған емес», — деді ол.

Ал Қазақстанда мұғалімнің құқығын бұзып, тіл тигізгендер 786 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз