Миллиардер Тимур Құлыбаевқа тиесілі Joint Resources холдингі тағы бір компания құрды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Тимур Құлыбаевқа тиесілі Joint Resources холдингі тағы бір компания құрды Бұл туралы Kursiv.Media Қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Холдинг «Strata Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 99,99 пайыз акциясын иеленеді. Аталмыш компания қоңыр көмір – лигнит сатумен айналысады.

Нәтижесінде холдинг құрамында 8 компанияның акциялар үлесі бар.

«Каспий нефть» акционерлік қоғамы мен «Каспий» компаниясын 100 пайыз иеленсе, «Кристалл Менеджмент» компаниясының 51 пайызы холдинг меншігінде.

Сонымен қатар «Exploration Production Crystal Management» ЖШС, «ГТЭС-Ақшабұлак», ЖШС, «Premier Development Company» ЖШС-ның 50-51 пайыз акциясы тиесілі болса, «KAZAKHSTAN’S MINERAL RESOURCE INVESTMENT COMPANY» ЖШС-ның 35 пайыз үлесін иеленеді.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінің үшінші сатысында тұр. Олардың әрқайсысының дәулеті 5,4 млрд долларға тең. Басты активі – Қазақстандағы ең ірі қаржы институты Halyk Bank. Банктің таза пайдасы бір жылда 15%-ға өсіп, 1,06 трлн теңгеге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз