Ұлдана Мырзуан ісі кейінге қалды
Жарияланды
(жаңартылды )

Астанада 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс кейінге қалдырылды. Бұған сотталушы Сәуле Жұбаниязованың адвокатының соттан қосымша уақыт сұрағаны себеп болды.

Төрағалық етуші судья Меруерт Абаева қорғау тарапының қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішін қанағаттандырды.
Осылайша қылмыстық іс 20 тамыз сағат 10-да жалғасады.
Айта кетейік, сот отырысын Жоғарғы соттың YouTube каналынан көруге болады.