Арыстағы әскери бөлім аумағында өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыстағы әскери бөлім аумағында құрғақ шөп өртенгеннен кейін, оқ-дәрі жарылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Әлеуметтік желілерде Арыс ауданындағы жарылыс дыбыстары мен түтін көрінген видеолар пайда болды.
Шымкент гарнизоны 19 тамызда сағат 19.00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенгенін хабарлады.
«Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі үзіндісі тарс етіп жарылды. Зардап шеккендер мен қирау белгілері жоқ», – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің өкілдері жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. Өрт толығымен жойылды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
«Азаматтарды әлеуметтік желілерде таратылатын тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.
2019 жылдың 24 маусымында Арыстағы әскери бөлімнің қоймаларында өрт шығып, оқ-дәрілердің жарылысына әкеп соқты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті.