Астанада мемлекеттік нөмірін теріс ілген көлік жүргізушісі жазаланды
Жарияланды
(жаңартылды )

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірін теріс іліп алғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Құқық қорғаушылар тексеру үшін Shacman жүк автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірі аударып тағы алған.
«Жүргізуші көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Полицияда жүргізушілерге Жол жүрісі қағидаларын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілеріне қойылатын талаптарды сақтау қажеттілігін еске салды.
Қостанай облысында тротуармен жүріп өткен жүргізуші жауапкершілікке тартылған еді.