Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы ірі турнирде 35 мың доллар сыйақы алады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Бибісара Асаубаева АҚШ-та
Асаубаева Олимпиада қарсаңындағы ірі турнирде қола жүлдеге ие болды / фото: Facebook/Bibisara Asaubayeva

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Сент-Луисте (АҚШ) өткен Cairns Cup супертурнирінде үшінші орын алды. Қола жүлде үшін 35 мың доллар сыйақы беріледі.

Әлемнің он мықты шахматшысы қатысқан турнирде Асаубаева 5 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Соңғы тоғызыншы турда ол Хампи Конерумен (Үндістан) тең түсті.

Тоғыз турда 6,5 ұпай жинаған Тань Чжунъи (Қытай) жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлде 6 ұпай алған Элис Лиге (АҚШ) бұйырды.

Асаубаева Сент-Луистегі жетістігі үшін 35 мың доллар сыйақы алады. Жеңімпазға 65 мың доллар төленеді.

«Турнир аяқталды. Үшінші орын. Жаман нәтиже емес», – деп сипаттады Бибісара АҚШ-тағы жетістігін.

Асаубаеваның жақын досы Жавохир Синдаров та Сент-Луисте жүр. Ол Sinquefield Cup турниріне қатысып, үшінші орын алды.

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров
Асаубаева мен Синдаров Сент-Луисте / фото: Facebook/Bibisara Asaubayeva

Енді Бибісара мен Жавохир 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына дайындалады. Ірі жарыс 15–27 қыркүйек аралығында Самарқанд (Өзбекстан) қаласында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз