Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасы бұл жетістігімен жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп жазады Kursiv.Media.
Жарыстың 1/8 финалында отандасымыз ресейлік теннисші Диана Шнайдермен (WTA: 14) кортқа шықты. Тартысты өткен кездесуде Рыбакина қарсыласын екі сетте бірдей 6:4, 6:4 есебімен ұтып, турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина «Cincinnati Open-2026» турнирінің алдыңғы кезеңдерінде америкалық Тейлор Таунсендті (WTA: 94) және польшалық Магдалена Френхті (WTA: 41) айқын басымдықпен жеңген болатын.
Биылғы Цинциннати турнирінің жалпы жүлде қоры 7 433 076 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 1 086 220 доллар қаржылай сыйақы алып, өзінің қоржынына 1000 рейтинголық ұпай қосады.