Алматы маңындағы Бесағашта мейрамхана өртеніп жатыр
Жарияланды

Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында Тілендиев көшесінің бойында мейрамхана ғимараты өртенді, деп хабарлайды Kursıv.Media.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде, от ғимараттың барлық аумағын шарпыған, ресторанда келушілер болмаған. ТЖМ күштері мен құралдары шақырудың жоғарылатылған рангі бойынша жұмыс істеп жатыр.
112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
«Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литрлік екі газ баллонын, сондай-ақ көлемі 50 литрлік оттегі баллонын алып шықты. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралуына жол берілмеді», – деп хабарлады ТЖМ.
Өртті сөндіру жалғасуда.