Ауылдағы кәсіпкерлер енді сыртқы жарнама үшін де ақша төлейді

Алдағы уақытта ауылдардағы сыртқы жанама үшін де төлем жиналмақ. Пилоттық жоба әзірге Алматы, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарындағы ауылдарда жүзеге асырылып жатыр. Енді ауыл кәсіпкерлері мүлік пен көлік салығынан бөлек, сыртқы жарнама үшін де қосымша төлем төлейтін болады
Қаржы министрлігінң арнайы қаулысына сәйкес, ауыл әкімдіктеріне салық органдарының жүйесіне кіруге рұқсат берілді.
Енді ауыл әкімдіктерінің қызметкерлеріне Мемлекеттік кірістер комитетінің интеграцияланған жүйесі мен «Smart Data Finance» платформасына қол жеткізу құқығы берілген. Оларға салық пен қосымша төлемдерді жинауды ұйымдастыру, дербес шоттарды тексеру, салық бұйрығы мен хабарламаларды тараттыру және қарыздарды мәжбүрлеп жинату міндеті жүктелді.
Аудан әкімдіктері берілген рұқсаттар мен жарнама төлемдерінің сомасын ай сайын жүйеге енгізіп, нақты есепке алып отырса, салық органдары бұл процесті жоғарыдан қатаң бақылауда ұстамақ.
Нәтижесінде салық пен жарнама төлемін азаматтардан қалайда толық әрі уақытылы жинап алу құралы беріліп отыр.
Бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеңілдетілген салық жүйесінен шығып қалған кәсіпорындардың бір бөлігі жабылып немесе көлеңкеге кетуі мүмкін екенін ескерткен.