Қазақстанда Құрылтай деген есіммен 10 адам өмір сүреді

Қазақстанда Құрылтай деген есіммен 10 адам өмір сүреді. Ұлттық статистика бюросы осындай дерек жариялады.
Олардың барлығының есімі бірдей деуге келмейді. Кейбірінің есімі «Курылтай» немесе «Курултай» деп жазылған. Құрылтай есімімен өмір сүретіндерінің алтауы ер адам, төртеуі әйел.
Секторлар бойынша бөліп қарасақ, бұл есімдегі азаматтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады, онда төрт адам тіркелген. Алматы қаласында екі адам бар болса, өзгелері Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында өмір сүріп жатыр.
Азаматтардың жас ерекшелігіне келсек, есім көбіне аға буын өкілдерінде кездеседі. Он адамның тең жартысы 65 жастан асқандар тобына жатады, олардың ішіндегі ең үлкені 80 жасқа толған. Қалған азаматтар 30–34, 50–54, 55–59 және 60–64 жас аралығында.
Ерекше есім бұл ғана емес. Елде Конституция, Атазаң мен Заң деген есіммен өмір сүретін азаматтар да бар.
Оқи отырыңыз: «Атымды Бауыржан Момышұлы қойған»: Конституция есімді әйелдің әңгімесі