VK холдингі Apple компаниясын сотқа берді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Apple логотипі
Apple корпорациясы Мәскеу сотының шешімін орындамауы мүмкін / фото: REUTERS/Abdul Saboor

VK (ВКонтакте) холдингі Мәскеу төрелік сотына жүгініп, Apple компаниясына қарсы арызданып, қомақты өтемақы талап етті.

2026 жылғы 25 маусымда Apple өзінің App Store дүкенінен «ВКонтакте», «Дзен», VK Video, VK Мессенджер, VK Music, VK Знакомства және «Одноклассники» қосымшаларын алып тастаған. Сол кезде технологиялық корпорациядағылар мұның себебін санкция талаптарымен түсіндірген.

Енді VK холдингі Apple-ден күн сайын 58 млн рубль (шамамен 300 млн теңге) өтемақы талап етіп отыр.

Осының алдында Ресей қаржы министрлігі Apple шешімінде саяси астар бар деп мәлімдеген.

Айта кетейік, Мәскеу сотының тікелей шешімі Apple компаниясының АҚШ-тағы бас кеңсесіне жүрмейді. Apple – америкалық корпорация, сондықтан ол Құрама Штаттар заңдары мен халықаралық санкциялар талаптарын бірінші орынға қояды.

VK-ға қарсы тікелей және жанама халықаралық санкциялар енгізілген. Мәселен, 2026 жылғы 13 шілдеде Еуропа Одағы осы холдинг пен оның еншілес компаниясына қарсы ресми түрде шектеу қабылдаған.

Сондай-ақ оқыңыз