Уран алыбының кірісі артқанымен, таза пайдасы қысқарды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Uranium giant Kazatomprom sees Q1 profit plunge
«Қазатомөнеркәсіптің»таза пайдасы қысқарды Фото: Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы 2026 жылдың 6 айында 717,8 млрд теңге кіріс алған. Алайда жиынтық түсімнің ұлғайғанына қарамастан, таза пайда 9%-ға төмендеп, 240,4 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде компания 263,2 млрд теңге таза пайда тапқан еді.

Ал әр акцияға шаққандағы пайда да 22%-ға қысқарып, 604 теңгені құрайды.

Уранға деген сұраныс жоғары

Түсімнің артуына уран бағасының қымбаттауы тікелей әсер етті. Компания 1 фунт уранды 67,88 доллардан сатқан. Ал споттық нарықтағы орташа баға 24-25%-ға дейін қымбаттап, фунтына 86 доллар шамасында тұрақтады.

Өндіріс көлемі де артып, «Қазатомөнеркәсіптің» өз үлесіне тиесілі көлем 10%-ға өсіп, 7,054 тоннаға жетті. Бірақ сатылған шикізат көлемі кұр азайып кеткен. Соның нәтижесінде дайын уран қоры 23%-ға артып, 8,245 тоннаны құрады.

Бірақ салық пен шикізат қымбат

Уран қымбаттап, өндіріс артқанымен, компания шығынының артуы топтық қаржы көрсеткішіне кері әсер еткен. Уран өндірісінің өзіндік құны бірден 37 пайызға қымбаттап кеткен.

«Қазатомөнеркәсіп» мұны пайдалы қазбаларды өндіру салығының 9%-дан 12,4%-ға дейін көтерілуі, күкірт қышқылының қымбаттауы және теңге бағамының нығаюымен түсіндіреді.

Сол себепті де компания 2026 жылға арналған жылдық жоспарын қайта қарауға мәжбүр.

Жалпы түсім бойынша болжам бұған дейінгі 2,2-2,3 трлн теңгеден 2,1-2,2 трлн теңгеге дейін, ал уран сатудан түсетін түсім 1,9-2,0 трлн теңге деңгейіне төмендеді. Шығын да 435-450 млрд теңгеге дейін артуы ықтимал. Өндіріс пен сатылым көлемі бойынша жоспарлар өзгеріссіз қалған.

«Қазатомөнеркәсіп» – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Лондон қор биржасында акцияларын орналастырға кәсіпорын уранды өз бетінше де, бірлескен кәсіпорындар шеңберінде де өндіреді. Компанияның негізгі акционерлері:

  • ҚР Қаржы министрлігі – 12,01%.
  • «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – 75%;
  • CITIBANK, N.A.-NY (номиналды ұстаушы) – 24,35%;

Компания 2025 жыл үшін 335 млрд теңге дивиденд төлеген. 

Сондай-ақ оқыңыз