Ағылшын Премьер-лигасының барлық ойындарын енді Freedom Кино мен ТВ-дан көруге болады

Қазақстандық отандық онлайн-кинотеатрлар арасында алғаш болып Freedom Кино мен ТВ платформасы Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) барлық кездесулерін тікелей эфирде көрсету құқығына ие болды. Енді жанкүйерлер маусымдағы 380 матчтың барлығын бір платформадан тамашалай алады.
Бұған дейін ел аумағында АПЛ ойындарын тамашалау белгілі бір қиындықтар тудыратын: трансляциялар тек шектеулі арнайы спорттық сервистерде ұсынылып, бағасы қымбат әрі матчтар толық көрсетілмейтін. Freedom Кино мен ТВ ұсынған жаңа мүмкіндік бұл мәселені толықтай шешпек.
Эксклюзивті контент
Футбол маусымы аясындағы 152 матч басқа бірде-бір платформада көрсетілмейді, тек Freedom Кино мен ТВ-да эксклюзивті түрде қолжетімді болады.
Трансляцияларды қарау үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ, бәрі стандартты жазылым шеңберінде ұсынылады. Жазылым аясында көрермендерге:
- АПЛ-дың барлық 380 матчы;
- Басқа да ауқымды спорттық жарыстар;
- 5000-нан астам фильмдер мен сериалдар;
- Эксклюзивті отандық жобалар қолжетімді.
Жаңа маусымның шымылдығы: 1-турдың кестесі
АПЛ-дың жаңа маусымы 21 тамызда бастау алды.
1-турдың негізгі кездесулері:
- 21 тамыз, 23:50 — «Арсенал» vs «Ковентри Сити»
- 22 тамыз, 16:20 — «Халл Сити» vs «Манчестер Юнайтед»
- 23 тамыз, 17:50 — «Манчестер Сити» vs «Борнмут»
- 23 тамыз, 20:20 — «Ньюкасл Юнайтед» vs «Ливерпуль»
- 24 тамыз, 23:50 — «Фулхэм» vs «Челси»
Тимур Байыров, Freedom Кино мен ТВ бас директоры:
«Біз спорттық контентке жүйелі түрде қаржы бөліп келеміз. Себебі оның Қазақстандағы спорт мәдениетін дамытуға зор серпін бере алатынына сенеміз. Ағылшын Премьер-лигасы әлемдегі ең тартысты әрі көрерменге ең қызықты футбол чемпионаттарының бірі. Бұл құқықты иелену біз үшін жан-жақты сараланған стратегиялық шешім болды. Біз әлемдік деңгейдегі спортты қазақстандық көрерменге барынша қолжетімді еткіміз келеді».
Сонымен қатар, платформада спорттық трансляцияларды тамашалау арқылы бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігі бар. Қаралым сағаттарын жинақтаған белсенді пайдаланушылар ай сайынғы ұтыс ойындарына қатыса алады.
Қосымшаны қалай қосуға болады?
Сервиске жазылудың екі жолы бар. Бірі – мобильді қосымшадағы арнайы сілтеме бойынша. Екіншісі Smart TV арқылы – қосымшада тіркелгеннен кейін сервис теледидарда да қолжетімді болады.