Абзал Құспан: Билікке өкпең болса да, дауыс беруге міндеттісің

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Kursiv Media / Дәурен Ерболатов

Экс-депутат Абзал Құспан Астанадағы 66 мектеп, 175 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Kursiv Media тілшісіне пікір берген заңгер дауыс беру отбасылық дәстүрдің біріне айналғанын айтты. Билікке, үкіметке деген көзқарасың қандай болғанына қарамастан әр азамат сайлауға қатысуы міндетті дейді ол.

«Сайлау – біздің азаматтық борышымыз. Депутат болмаған кезде де, ол (дауыс беру-ред.) біздің отбасылық дәстүр болған. Орал қаласында да мен сайлаудан ешқашан қалмағамын. Мейлі сол кездегі билікке өкпелі болсаң, риза болмасаң да бәрібір өзіңнің азаматтық даусыңды беруге міндеттісің деп есептеледі. Бұрын болған сайлауды айтып жатырмын. Қазір ешкімге ешқандай өкпем жоқ», – деді ол Kursiv Media тілшісіне.

Абзал Құспан басқа да экс-депутат әріптестерімен сөйлескенін, олардың да дауыс беруге қатысып жатқанын да айта кетті.

Оқи отырыңыз: Суретін салмаңыздар»: ОСК басшысы қазақстандықтарға маңызды ескерту айтты

Сондай-ақ оқыңыз