Алматыда тұтас қару-жарақ арсеналы жасырынған орын анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
Business news бөлімінің журналисі
Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын анықталды
фото: Shutterstock

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтады.

Оның ішінен тұтас арсенал табылды.

Полиция қызметкерлері газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.

Барлық тәркіленген зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауға тиіс.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Балқаштан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды.

Сондай-ақ оқыңыз