Астанадағы учаскелерде exit poll нәтижелерді есептей бастады

Астана сайлау учаскелерінің маңында exit poll өтіп жатыр. Сауалнаманы Еуразиялық интеграция институтының өкілдері жүргізіп жатыр. Бұл туралы 24KZ телеарнасы хабарлады.
Институт өкілдері азаматтарға дауыс беріп шыққаннан кейін қасына барып, олардың жауаптарын тіркейді. Қатысушылардан қандай саяси партияға дауыс бергені сұралады. Жинақталған ақпарат орталық деректер базасына жіберіледі. Солардың негізінде сайлау нәтижелерінің алдын ала бейресми болжамы дайындалады.
Еуразиялық интеграция институтының Астана қаласы бойынша супервайзері Мира Жакенованың айтуынша, дауыс беру құпиясы толығымен сақталады.
«Біздің интервьюерлер қандай да бір жеке деректерді нақтыламайды. Яғни, адамның кім екенін ешкім анықтай алмауы үшін олар есімдерін де, телефон нөмірлерін де, тұрғылықты жерін немесе мекенжайларын да сұрамайды. Анонимділік толығымен сақталады», – деді ол.
Бүгін Қазақстанда құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Жалпы еліміз бойынша сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 сайлаушы бюллетень алып, дауыс берді. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады.