Маңғыстауда жас қызды зорлап жарты жыл қашып жүрген күдікті ұсталды

Жарияланды (жаңартылды )
Business news бөлімінің журналисі
Маңғыстауда 16 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды
Жас қызды қорлап жарты жыл іздеудн жүрген күдікті ұсталды / Фото: shutterstock

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен 43 жастағы күдікті қолға түсті. Бұл туралы «Криминалды Қазақстан» телеграм арнасы хабарлады.

Тергеу бойынша, 2025 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында 16 жастағы қыз бір топ адамның тарапынан бірнеше рет қорлық көрген. Сондай-ақ оны тыйым салынған заттарды тұтынуға мәжбүрлеген.

Бұл іске төрт ересек ер адам мен жәбірленушінің кәмелетке толмаған танысының қатысы бар деп танылып отыр.

Айыптау нұсқасы бойынша, қызды ер адамдарға ертіп апарған – осы кәмелетке толмаған танысы. Оған кәмелетке толмағанды тыйым салынған заттарды тұтынуға тарту және қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылды.

Ер адамдарға кәмелетке толмаған 16 жастағы қызға бірнеше рет зорлық көрсеткені үшін және тыйым салынған заттарды тұтынуға итермеледі деген айыптар тағылды.

Тергеу жұмыстары аяқталып, іс Ақтау қалалық сотына жолданды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жәбірленушінің кәмелетке толмағанын ескерсек, сот отырыстары жабық режимде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз