Сырдария өзеніне екі ағайынды жігіт батып кетті
Жарияланды
(жаңартылды )

Сырдария өзеніне екі ағайынды жігіт Сейдан Жәлімбет Темірәліұлы мен Сейдан Жанболат Темірәліұлы батып кетті. Оқиға 22 тамызда түскі 14.00 шамасында болған.
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне марқұмдардың досы жазба қалдырды.
«Сейдан Жәлімбет Темірәліұлы мен Сейдан Жанболат Темірәліұлы кеше түскі сағат 2-лерде Сырдария өзені ағысымен суға батып кетті. Құзырлы мекемелер, Түркістан облысының төтенше жағдай басқармасы қосымша көмек жіберіп, водолаздар мен қайықтар яғни техника жіберіп, жұмыла кірісулеріңізді сұраймыз!», – деп жазды ол.
Әзірге оқиғаға қатысты толық ақпарат жоқ.
Бұған дейін 17 шілдеде Қосшыдағы демалыс орнындағы бассейнде алты жасар бала суға батып кетті.