Астанада Түркияға виза рәсімдеуге көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астана қаласында өтіп жатқан «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында интернет кеңістігінде жасалған алаяқтық дерегі әшкереленді.  

Polisia.kz хабарлауынша, 28 жастағы азамат әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзін сенімді делдал ретінде таныстырған.

«Азаматтарға Түркияға виза рәсімдеуге көмектесетінін айтып, қызметін ұсынғаны анықталды. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, құжаттарды дайындау және виза рәсімдеу шығындарын сылтауратып, алдын ала ақша алған. Алайда күдікті уәде еткен қызметін орындамаған», – делінген ақпаратта.

Полиция мәліметінше, ақшаны алғаннан кейін түрлі сылтаулар айтып уақыт созып, кейін байланысқа шығуды мүлдем тоқтатқан. Нәтижесінде жәбірленушіге 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге ерекше сақтықпен қарауды ескертеді.

Айта кететін жайт, Қазақстанда интернет-алаяқтық 7 жылда 55 есеге өсті. Астана көш басында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз