Қылмыс салдарынан мемлекетке келген шығынның тең жартысы өндірілмей қалған

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
По делу школьницы из QSI, пытавшейся покончить с собой, возбудили уголовное дело
Прокуратура ақшаны өндіру үшін талап жолдаған/фото: shutterstock

Елде қылмыстар салдарынан мемлекетке келген шығынның тең жартысы өндірілмей қалған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бас прокуратура жүргізген талдауға сәйкес, кейінгі екі жылда қаралған қылмыстық істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 66,5 млрд теңге залал келген. Оның 30,1 млрд теңгесі өндірілмей қалған.

Бұған уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекетке келтірілген залалды өндіру туралы талап қоймағаны себеп болып отыр.

Содан кейін прокурорлар 30,1 млрд теңгені өндіру үшін шаралар қабылдады. Нәтижесінде 651 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Залалдың қалған сомасын өндіру туралы талап жолданған.

Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгені заңсыз шығару ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ оқыңыз