Михаил Шайдоров үздік спортшылардың қатарына енді
Жарияланды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров әлемнің ең үздік үш фигурисінің қатарына кірді. Бұл туралы Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жаңа маусым қарсаңында спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартқан. Федерация мәліметінше, Шайдоров 3918 ұпай жинап, кестеде 3-орынға көтерілді.
Әлемнің үздік 3 фигуристі:
- Илья Малинин (АҚШ) – 4590 ұпай;
- Юма Кагияма (Жапония) – 4123 ұпай;
- Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 3918 ұпай.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте қазақстандық Софья Самоделкина үздік 15 спортшының қатарына еніп, 13-орынға жайғасты.
Олимпиада чемпионы биыл жазда Америкаға көшкен еді. Ол 2030 жылғы Олимпиадаға бапкері Алексей Урмановпен бірге дайындалмақ.