Мұнайшылар жеті айда бюджетке 4,3 трлн теңге салық төледі

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Мұнай компаниялары 7 айда 4,3 трлн салық төледі / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың алғашқы жеті айында мұнай компаниялары мемлекет қазынасына 4,3 трлн теңге салық аударған.

Бұл мемлекеттік бюджетке, республикалық бюджетке және Ұлттық қорға түскен барлық салық түсімдерінің 26%-ына тең.

Мұнай секторындағы салық төлемдерінің 80%-ын үш ірі жоба — ТШО, ҚПО және НКОК қамтамасыз еткен:

Мұнай салығының 80%-ын үш компания төледі

2026 жылдың қаңтар–шілдесінде бюджетке аударылған салық

Теңізшевройл
Теңіз кен орны
2,3 трлн ₸
55%
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг
Қарашығанақ кен орны
591 млрд ₸
≈13,7%
North Caspian Operating Company
Қашаған кен орны
543 млрд ₸
≈12,6%
Үш ірі жобаның
жалпы салық төлемі
3,43 трлн ₸
Дереккөз: NRG_monitor

Energy monitor мәліметінше, жеті айда Қазақстанда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,2 млн тоннаға аз мұнай өндірілген. Бұған Теңіздегі проблемалар, КҚК жұмысына қатысты қиындықтар және Қарашығанақтың шикі газын Орынбор газ өңдеу зауытында қабылдауға байланысты шектеулер әсер еткен.

Соған қарамастан, мұнай бағасының жоғары болуы салық түсімдерінің айтарлықтай қысқаруына жол бермеген.

Сондай-ақ оқыңыз