Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі 24 тамызда сағат 19:31-де болған.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін Астана уақытымен 19:31-де тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Ошақтың координаттары — 49,117 солтүстік ендік және 84,500 шығыс бойлық.
Үлкен-Нарын ауылындағы жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2 балды құрады.