Араб Әмірліктерінде екі Қазақстан азаматы қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Араб Әмірліктерінде екі Қазақстан азаматы қаза тапты / Фото: Shutterstock

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі Қазақстан азаматы – Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханова қаза тапты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ақпаратты Kursiv.Media-ға Сыртқы істер министрлігі растады. Ведомство қаза тапқандардың жақындары мен отбасына көңіл айтты.

«Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы отбасыларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Көрсетілетін көмек аясында мамандар құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін БАӘ құзыретті органдарымен өзара әрекеттесіп жатыр», – деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Жергілікті билік қазақстандықтардың қаза болу себептері мен мән-жайын анықтауда. Тергеу мүддесі үшін оқиғаның егжей-тегжейі әзірге жария етілмейді.

Сондай-ақ, Қазақстан СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста екенін және өз құзыреті шегінде оларға қажетті көмек көрсетуде.

Бұған дейін Ресейдің Омбы қаласында салынып жатқан ғимараттағы өрт салдарынан екі ер адам қаза тапқанын, олардың бірі Қазақстан азаматы болып шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз