Астанада Арқар көпірі 29 тамызға дейін жартылай жабылады

Астанада Арқар көпіріндегі қозғалыс 29 тамызға дейін ішінара шектелді. Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
Осы кезеңде көпірдегі деформациялық жікті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді ескертті. Жол учаскесіне уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылды.
Бұған дейін Арқар көпіріндегі қозғалыс 11-17 тамыз аралығында да ішінара шектелген болатын.
Сондай-ақ 29 тамызға дейін Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.
Еске салайық, 16 шілдеден бастап Бағанова көшесінен Ұлы Далаға дейінгі Төле би көшесін салу аясында жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған аралықта қозғалыс 20 тамызға дейін толық жабылған болатын. Енді шектеу 28 тамызға дейін ұзартылды.